Спорт • 28 Сәуір, 2020

ҰХЛ-дың ойыншысы «Барысқа» келуі мүмкін

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсететін «Анахайм Дакс» клубының ойыншысы Сэм Кэррик алдағы уақытта «Барыстың» жейдесін кию мүмкін.

ҰХЛ-дың ойыншысы «Барысқа» келуі мүмкін

28 жастағы айтулы хоккейші кезінде бұған дейін «Торонто Мейпл Лифстің», одан кейін «Анахайм Дакстың» сапында өнер көрсетті. Биылғы маусымда тоғыз мәрте мұз айдынына шыққан ол бір гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берді. Оның бойы – 183 сантиметр, салмағы – 93 кило.

Спорттық карьерасының біраз бөлігін Сэм Кэррик Америка хоккей лигасында (АХЛ) «Сан-Диего Галлздың» фарм клубында өткізді. Бұл біріншілікте ол 23 гол соғып, 20 рет оңтайлы пас берді.