Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Майдангерлер миллион теңге жәрдемақы алды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңістің 75 жылдығына орай  аймақта тұратын соғыс ардагерлерінің әрқайсының есепшотына 1 млн теңге аударылды. Сонымен қатар, соғыс кезінде фашистік азап лагерлерінде тұтқында болған, кеңес әскері құрамында ерікті түрде қызмет атқарған 48 адам 100 мың теңгеден, Ленинград құрсауында болған 9 адам 60 мың теңгеден алды.  

Қостанай облысы: Майдангерлер миллион теңге жәрдемақы алды

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Максим Устиновтың айтуынша, соғыс жылдары 6 айдан кем емес уақыт жұмыс істеген тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған.

– Қостанай облысында 5 жарым мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Ол кісілердің есепшотына 30 мың теңгеден аударылды. Жалпы, облыс бойынша атаулы мерекеге орай 7 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алды. 6 мыңға жуық адам мерейтойлық медальдармен марапатталады, - деді басқарма басшысы.