Бұл қаржы 29,5 мың ш.м. құрайтын 504 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысына және 67 пәтер сатып алуға жұмсалады. Жыл соңында 19,5 мың ш.м. құрайтын 352 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысы аяқталады және 4,0 мың ш.м. құрайтын 67 пәтер сатып алынады, оның ішінде пайдалануға берілетін 419 пәтердің 215 пәтері көпбалалы отбасыларға беріледі. Бұл бағытта 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жоспарланған 277 млн теңге толықтай игерілген.
Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының айтуынша, Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерге арналған 2,874 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй, Форт-Шевченко қаласында 16 пәтерге арналған 0,962 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй, Ақтау қаласында 19а шағынауданында 144 пәтерге арналған 7,847 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй, Қарақия ауданы Жетыбай селосындағы 144 пәтерге арналған 7,8 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Мұнайлы ауданы Батыр селосындағы 80 пәтерге арналған 6,1 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 72 пәтерге арналған 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы 2021 жылға өтпелі болып отыр.