
Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға, қара уылдырықты заңсыз тасымалдауға да, саудалауға да мораторий жарияланғанына, біраз жыл өтті. Алайда, Атырауда бағалы балықтар мен қара уылдырық секілді талайдың тәбетін ашатын өнімнен ебін тауып, екі еселенген пайда тапқысы келетіндер азаяр емес.

Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға, қара уылдырықты заңсыз тасымалдауға да, саудалауға да мораторий жарияланғанына, біраз жыл өтті. Алайда, Атырауда бағалы балықтар мен қара уылдырық секілді талайдың тәбетін ашатын өнімнен ебін тауып, екі еселенген пайда тапқысы келетіндер азаяр емес.Бұған Атырау облыстық ішкі істер департаментіне қарасты балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 4 килограмм 750 грамм қара уылдырықты тәркілеуі дәлел бола алады.
Бұл туралы газет тілшісіне аталған департаменттің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады. Оның мәлім етуінше, «Бекіре» шарасының күзгі кезеңі аясында Атырау халықаралық әуежайы маңында «BMW» көлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында оның салонындағы қара жүк сөмкесінен 10 пластикалық ыдысқа салынған қара уылдырық табылған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілу үстінде.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.