Сондай жәдігердің бірі – ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері дастарқанының сәні болған екі кәрлен кесе мен аққұман. Жобамен алғанда, ХІХ ғасырдың соңында қытай фарфорынан жасалған бұл қымбат бұйымды музейге ақынның інісі Мәжиттің қызы Рымжан апамыз сыйға тартыпты. Бұл – 1994 жылы Жаңаарқа ауданында Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған үлкен іс-шара аясында болған оқиға екен. Сол тойға Рымжан апамыз анасы Әминамен бірге құрметті қонақ ретінде шақырылған.
Жәдігерді мұражайға тапсырарда Рымжан Мәжитқызы бұл ыдысты сұлулыққа жаны құштар Сәкен ақынның күнделікті тұрмыста жиі қолданғанын айтыпты. Сыры кетсе де сыны кетпеген қос кесе мен аққұманды ақынның жары Гүлбаһрам қайнысы Мәжитке аманаттап тапсырып кеткен екен.
Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы