18 Қыркүйек, 2013

«Еуразия-2013»атағы жер жарған қазылар алқасымен ерекшеленуде

310 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі салтанатты басталды. Дәстүрге ай­н­­ал­ған айтулы шара биыл Қала күнімен сәйкес келіп отыр. Ал оң­түс­тік астанада мәдени оқи­ға аясында әлемнің әйгілі кине­ма­то­графистері мен даңқы дүниеге мәлім кино жұлдыздары жиналды.

Фестиваль әдеттегідей Қызыл кілем үстінде киножұлдыздары мен отандық өнер майталмандарының шеруімен басталды.

Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі салтанатты басталды. Дәстүрге ай­н­­ал­ған айтулы шара биыл Қала күнімен сәйкес келіп отыр. Ал оң­түс­тік астанада мәдени оқи­ға аясында әлемнің әйгілі кине­ма­то­графистері мен даңқы дүниеге мәлім кино жұлдыздары жиналды.

Фестиваль әдеттегідей Қызыл кілем үстінде киножұлдыздары мен отандық өнер майталмандарының шеруімен басталды.

Біз бұған дейін де қазылар алқасына жаңазеландиялық жазушы және Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алған («Пианино») тұңғыш әйел кинорежиссер, сондай-ақ, «Оскар» сыйлығы, Венеция ки­нофестивалінің «Күміс арыстан» жүлдесінің иегері Джейн Кэмпион төрайымдық ететіндігінен хабардар еткенбіз. Айтулы жұлдыздар легі туралы ақпараттар ақиқатқа ай­налып, ашылу салтанатында «Моя прекрасная няня» сериалы бойынша Константин рөлімен әб­ден танымал Борис Смолкинді, та­нымал актерлер Алена Яковлева мен Андрей Гайдуляндарды көр­дік.

Жылына бір рет оралатын бұл оқиға отандық киномайталмандарынсыз өтпейді. Қалыптасып қалған дәстүр бойынша қызыл кілемге Асанәлі Әшімовтің отбасы шығып, бұл шеруді жас өнер жұлдыздары ұзартады. Республика сарайы алдындағы шеруде Азиз Бейшеналиев («Ликвидатор»), Эмир Байғазин, Азиз Жамбакиев, Ренат Ғайсин, Берік Айтжанов, Сергей Погосян, Асылхан Төлепов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сағатова, Құралай Анарбекова, Айсұлу Әзім­баевалар кезегімен өз көрер­мендерімен дидарласты.

Киносүйер қауым тағатсыздана күткен таланттың бірі – әйгілі фран­цуз композиторы, шансонье, актер және қоғам қайраткері Шарль Азнавур болатын.

Француз шансоны таяу күндері ғана ЕМА-2013 музыкалық ма­ра­паттау рәсіміне қатысып, «Әлем­дік музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойын­ша ең салмақты жүлдені жеңіп ал­ған-ды. Сондықтан көңілі тоқ, қа­дірлі қонағымыз ағынан жа­ры­­лып, баспасөз мәслихатында жур­­налистердің барлық сұрағына емен-жарқын жауап беруге уақыт тапты.

– Қандай да бір марапатқа ие болу жаныма жағатынын жасырмаймын. Өйткені, атақ та жүлде де мені кеш іздеп тапты. Және мен өзімді ешқашан керемет жұл­дыз деп есептеген емеспін, бар болғаны шығармашылықтың ұ­с­тасы болып келдім, – дейді мың­да­ған әннің авторы.

Тағдыры мен таланты оны бүкіл ғұмырында Франсуа Трюф­фо, Клод Шаброль, Жана Кокто, Эдит Пиаф, Фрэнка Синатру Лу­чано Паваротти, Пласидо До­мин­го және Селин Дионмен тоқай­ластырып, оның әндерін Рэй Чарльз, Боб Дилан мен Лайза Минелли сынды әлемдік дең­гей­дегі дарындар орындайты­нын, оған және дүниенің барлық бұ­­ры­шында шығармалары күн сайын мың рет шырқалып жата­тын­­дығын қосып қойсақ, мұндай сирек талант иесін «Еуразия» кино­фестивалі енді қашан көрері неғайбыл.

Жер шарының төрт бұрышын түгел аралаған аты мәшһүр қонақ Қазақстанға бірінші рет келіп отыр. Алғаш рет қазақ жеріне қа­дам басқан атақты жан осы жер­ден де өзінің ескі де жаңа дос­тарын кезіктіріп, қазақтың қонақ­жай­лылығынан қуатына қуат қо­сылғанын айтады. Онсыз да жаны жайсаң француз мұн­дай ықыластан жансарайы байып қалғанын жеткізіп, «Еу­ра­зия» кинофестивалінің ұйым­дас­тырылуына өте жақсы баға бергенін қаперге алуға болады.

Қызыл кілем шеруіне Азнавур мырза ұлы Николаспен шықты. Амандық болса, бір жылдан соң 90 дейтін жасты мойындататын актер әлі де тартымдылығын бір түйір де жоғалтпаған.

Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» АҚ президенті Ер­мек Аманшаев «Еуразия» кино­фестивалі бүгінде әлем кине­ма­тографистерінің кәсіби алаңына айналып келе жатқандығын атап және осыған үлес қосып жат­қан жандарға, қазақстандық ки­но­индустрияның д

Соңғы жаңалықтар