Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: COVID-19 вирусын жұқтырған Беларус азаматы ауруханаға түсті

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1968 жылы туған   ер адам халықаралық жүк тасымалдайтын көліктің жүргізушісі екен.  Польша-Қазақстан бағыты бойынша  Қостанай қаласына жүк алып келген.  

Қостанай облысы: COVID-19 вирусын жұқтырған Беларус азаматы ауруханаға түсті

«Жүргізуші Қазақстан - Ресей шекарасында «Қайрақ» автоөткелінде байланыссыз термометрия әдісімен тексерілгенде дене қызуы байқалмаған. Бірақ жүк түсіру орнына жеткенде әлсіреп, денсаулығы сыр бере бастаған соң жедел жәрдем шақырған.  Қазір Тобыл қаласындағы провизорлық госпитальға жатқызылды. Талдау нәтижесі бойынша  Белорус азаматынан COVID-19 диагнозы анықталды» - деп хабарлады өңірлік жедел ақпарат штабы.  

Науқас Қазақстан аумағына өткен соң жол бойы ешкіммен байланыспаған. Жүк түсірген кезде де жергілікті тұрғындармен жақын қарым-қатынаста болмаған.

Сондай-ақ, Жітіқара қаласының провизорлық госпиталінде жатқан тағы бір адамнан індет белгілері анықталып отыр. Ол бұған дейінгі науқастардың бірімен  жақын қарым-қатынаста болған. 1978 жылы туған ер адам Жітіқара ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылды.

Қазір екі науқас бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу шараларынан өтіп жатыр.  

Бүгінге дейін аймақта COVID-19 індетін жұқтырған 45 адам анықталып отыр.  

 

Қостанай