18 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 444

264 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 30 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкіметі  қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015  жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015  жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Миссия және пайымдау» деген 1-бөлімде:
 «Пайымдауда» төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осыған орай, министрліктің алдағы уақыттағы жұмысының негізгі бағыттары мыналар болады:
1) еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу;
2) жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу;
3) халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;  
4) азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
5) халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу;
6) халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.»;
«Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерi» деген 2-бөлімде:
«Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Негізгі проблемаларды талдауда»:
3-тармақ алынып тасталсын;
«Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Саланы дамытудың негiзгi параметрлерінде» «Еңбек нарығы және жұмыспен қамтуда» төртінші және бесінші бөліктер алынып тасталсын;
«Негізгі проблемаларды талдауда»  4) тармақшаның екінші бөлігі алынып тасталсын;
«Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалауда» төртінші бөлік алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-стратегиялық бағытпен толықтырылсын:
«2.1. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
Халықаралық көші-қон  ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан көші-кон процестері ерекше күшті байқалатын елдердің қатарына жатады. Қазақстанда көші-қон процестерінің ауқымы, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін болады.
Халық саны және атап айтқанда, көші-қонның әлеуметтік-экономикалық проблемалары барлық жоғары дамыған мемлекеттердің негізгі мәселелерінің қатарында тұр. Қазіргі кезеңде АҚШ, Канада, Австралия сияқты  елдері мен бірқатар Еуропа мемлекеттері келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты ерекше селективті көші-қон саясатын жүргізеді. Сонымен қатар, бірқатар елдер, бірінші кезекте, Германия, Израиль және Польша ұлттық ұқсастықтары мен  өз мемлекеттерінің ерекшелігін сақтау мақсатында өзгеше этно-тарихи көші-қон саясатын жүргізеді.
Саланы дамытудың негізгі өлшемдері
Қазіргі кезде республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:
1) ішкі интенсивті көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдар ішінде өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары  көрсеткіштері сақталуда. 2006 жылдан бастап 2011 жылға дейін өңіраралық көші-қон процестеріне 1,5 млн. астам адам тартылды. Халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру оның құрамдас бөлігі болып табылады.
2012 жылдың статистикалық мәліметтері республика ішінде мына облыстарда халықтың неғұрлым көп көші-қон ағынын көрсетеді: Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон сальдосы 11103 адамға, Жамбыл  (- 7573), Шығыс Қазақстан (- 5186), Солтүстік Қазақстан  (- 3041 адам),  Қызылорда (- 1728 адам)  азайған. Астана (19529 адам), Алматы  қалалары (9963), Алматы облысы (5477 адам) және Маңғыстау облысы (2516 адам) халықтың  келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады. Ішкі көші-қонның негізгі бөлігі - еңбекке қабілетті жастағы халық (81,8 % 16 жастан 62 (57) жасқа дейін).
2) шетелдік жұмыс күші санының азаюы. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылы 90 мың бірлік немесе республиканың экономикалық белсенді халқына 1 % мөлшерде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіледі.
2012 жылы квота шеңберінде 2792 жұмыс беруші 22 мың шетел

Соңғы жаңалықтар