Соңғы тәулікте жаңадан 5 жағдай анықталды. Олардың бесеуі де Қызылорда қаласынан. Бір тұрғыннан пневмонияға байланысты емханаға көрініп, тест сынамасын алу барысында белгілі болды. Ал төртеуі індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болып, бақылауға алынған азаматтар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін хаттамаға сәйкес алуда, – деді басқарма басшысы.
Сала басшысы бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілгенін айтты. Бірақ, қоғамдық көліктерде, дүкенде, көшеде барынша ара қашықтық сақтап, адамдардың шоғырлануын болдырмауға мән беру керек.