Бесінші айналымда ойда-жоқта нидерландтық Аниш Гириден ұтылып қалған норвегиялық Магнус Карлсен бұл жолы Ян Непомнящийден 3:2 есебімен басым түсті. Ал Қызғалдақтар елінің өкілі жас дарын Әлиреза Фируджаға есе жіберді – 1,5:2,5. Бұл Иран шахматшысының осы жарыстағы алғашқы жеңісі. Бұған дейінгі кездесулердің барлығында ол жеңілістің кермек дәмін тартқан еді. Кеше түнде Хикару Накамура (АҚШ) мен Лижэнь Дин (Қытай) және Фабиано Каруана (АҚШ) пен Максим Вашье-Лаграв (Франция) өзара шеберлік байқасты.
Әзірге Карлсен өзгелерден қара үзіп тұр. Оның еншісінде 13 ұпай бар. Накамура мен Диннің басты бәсекелестерінен екі ұпайы кем. Одан кейінгі орындарға мына ойыншылар жайғасты: Каруана – 10, Непомнящий, Фиружа – 6, Вашье-Лаграв – 5 және Гири – 4 ұпайдан.