Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны бір адамға артық көрсетілген

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны бір адамға артық көрсетілген

«2020 жылғы 29 сәуірде сағат 12:50-де Алматы қаласында коронавирусты 3 адамның жұқтырғаны туралы ақпарат жарияланды. Техникалық қателікке байланысты мәліметтер қайталанған, соның нәтижесінде алдыңғы жағдай есепке қайта алынған. Осыған байланысты біз Алматы қаласында коронавирус инфекциясы табылған адамдардың жалпы саны 926, ал Қазақстанда жалпы 3078 адам деп санауды сұраймыз» делінген хабарламада.