![COVID-19: ПТР-тестілеуге Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жазылуға болады](/media/2020/04/29/200428172938142a3643814i.jpg)
Ұшу алдында жолаушылар COVID-19 коронавирусына ақылы тестілеуден өз бетінше өтуі қажет. Енді тестке қала тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады.
Сауалнама автоматты түрде «КДЛ Олимп» зертханаларына жіберіледі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады. COVID-19 тесті азаматтардың өз қаражаты есебінен, ақылы тапсырылады.
Айта кету керек, анықтама 7 күнге жарамды. Егер жолаушы Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келіп, құжаттың қолданылу мерзімі аяқталса, қайта оралу үшін ол қайтадан ақылы тестілеуден өтуі қажет.