Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беріледі

805 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Үкімет Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы қаулы шығарды.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беріледі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №241 Қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020

Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., №11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай объектілерге:

1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Лев Гумилевтің есімі;

2) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 39 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі;

3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы  «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Абайдың есімі;

4) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

5) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі;

6) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№39 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

7) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

8) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;

9) «Семей халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абайдың есімі;

10) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

11) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «№ 4 жалпы білім беретін ортамектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Березовка орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Бозтал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Қызыл Шемонаиха негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі– «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Прапорщиково орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Дінмұхамед Қонаеватындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Переваловка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Мәлік Ғабдуллинатындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Бобровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі –   «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) «Ушанов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) «№ 2 Ақсуат орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 А. Мамин