Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Пробация қызметкері әлеуметтік төлем алуға көмектесті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұрғандарға  құқықтық көмектер көрсетіп, түрлі жағдайларға байланысты кеңестер беріп отырады. Бұл туралы облыс бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Пробация қызметкері әлеуметтік төлем алуға көмектесті

Инспектор, әділет майоры М.Маратқызы есепте тұрған сотталғандарға   әлеуметтік желі арқылы  42500 теңге мөлшеріндегі төлемақыны алуға  өтінім беру жолдарын түсіндірді. Осының нәтижесінде  4 азаматқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді. Қалған азаматтардың арыздары қаралымда жатыр.  

Сонымен қатар сала қызметкерлері әлеуметтік желіге шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін «Қызылорда қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» мекемесімен бірлесіп, онлайн режимде әңгімелесу ұйымдастырды. Онда есепте тұрған азаматтардың тиесілі әлеуметтік көмектер алуы, зейнетақы жинағы жоқтар мәселесі талқыланды.