Қоғам • 29 Сәуір, 2020

Патриоттық танытқан жастар ерекшелік белгісімен наградталады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекітті.

Патриоттық танытқан жастар ерекшелік белгісімен наградталады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 Қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020

Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин