«Коронавирус инфекциясы негізінен ауа-тамшылы жолмен жұғады. Мәселен, маска киіп, ауырып жүрген адам жөтеледі, түшкіреді, содан кейін көшеде қорғаныш құралын тастай салады дейік. Онда жиналған вирус өзінің қауіптілігін белгілі-бір уақыт бойы сақтап тұрады, осылайша басқа адамға жұғуы мүмкін», — деп түсіндірді вирусолог А. Богоявленский.
Сарапшының айтуынша, маскада вирус 30 сағаттан астам уақыт сақталады.
Вирусологтар халықты азаматтық белсенділік танытып, пайдаланылған жеке қорғану құралын (ЖҚҚ) қауіпсіз түрде жоюға шақырады, өйткені көшеде жатқан кез келген нысан ықтимал қауіпті болып саналады.
Пайдаланылған ЖҚҚ-ны алдымен полиэтилен пакетке салып, қоқыс тастауға арнайы бөлінген орындарға лақтыру қажет.
Далада масканы лақтырған адам «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» туралы ережелерді бұзады, бұл жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Көшеде жерге тасталған пайдаланылған маскалар ұзақ уақыт бойы әртүрлі ауруларды, соның ішінде коронавирусты таратуы мүмкін.
Ең жас автошабандоз жол апатынан көз жұмды
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғындары мерекелік концертті тамашалады
Елорда • Кеше
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Қиын да қызық мамандық иелері марапатталды
Айбын • Кеше