Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, осыған орай Атырау облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енгізілді. Қаулыдағы өзгеріске сәйкес, балалардың таңертеңгі сағат 10:00-ден 12:00-ге, кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге тұрғылықты жерінен 200 метр қашықта серуендеуіне рұқсат беріліп отыр.
Әрине, балалар да медициналық маска тағып, сақтық шараларын сақтауы тиіс.