Спорт • 29 Сәуір, 2020

Дибала тағы да коронавируске шалдықты

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентинаның ұлттық құрамасы мен Туринннің «Ювентус» клубының шабуылшысы Пауло Дибаланың коронавируске тапсырған тесті төртінші рет оң нәтиже берді. 

Дибала тағы да коронавируске шалдықты

Алғаш рет футболшының 21 наурызда жаман ауруға шалдыққаны белгілі болған еді. Ол кезде Дибаланың өзі ғаламтор арқылы коронавирус жұқтырғанын жалпақ жұртқа жария еткен болатын. Бірер уақыт ауруханада жатқан ол сол індеттен жазылып шықты. Сәуір айының басында ойыншының қалыңдығы Ориана Сабатини дәл сол де дерттке шалдыққаны анықталды. Онымен тығыз қарым-қатынаста болған Пауло тағы да сол жайсыз жағдайды жасынан кешірді. Міне, енді әйгілі футболшы төртінші рет коронавирус жұқтырып отыр. 

26 жастағы Пауло Дибала 2015 жылы «Ювентустың» жейдесін киген еді. Сол аралықта 152 рет жасыл алаңға шығып, 64 голдың авторы атанды. Дәл сол жылы ол Аргентина ұлттық құрамасы сапына қабылданды. Өз елінің намысын 29 мәрте қорғаған Дибала екі мәрте нысананы дәл көздеді.