Бұған дейін Қостанай және Рудный қалаларында тұратын тұрмыс жағдайы төмен 5681 адамның есепшотына Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден жәрдемақы аударылған болатын.
27 сәуірде басталған игі шараның екінші толқыны аясында аймақта 9564 мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Жергілікті әкімдіктер материалдық көмек алатын тұрғындардың тізімін жариялады. Тізімге аз қамтылған көп балалы отбасылар, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, 1 топтағы мүмкіндігі шектеулілер, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, тұл жетімдер.
Қостанай облысы