Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, бөлінген қаржының 44,5 миллион теңгесі медицина қызметкерлеріне үстемеақы үшін төленді. Үстемеақыны 373 қызметкер алған.
Сондай-ақ демеушілердің көмегімен 634 медицина қызметкеріне көтермелеу қаржысы берілді. Ал, 164 дәрігер мен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыстан кейін демалу үшін қонақ үйлерге орналастырылды.