Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Таразда жылына 200 мың тонна арматура шығаратын цех құрылысы аяқталып келеді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында құрылыс арматурасын шығарумен айналысатын цехтың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Таразда жылына 200 мың тонна арматура шығаратын цех құрылысы аяқталып келеді

Бүгінгі таңда технологиялық жабдықтар толығымен сатып алынды. Барлық жабдықтар кеденнен шығарылып, кәсіпорын аумағына жеткізілді.

Сонымен қатар технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы ІІ тоқсанда іске қосу жұмыстары аяқталып, өндіріс ошағы жұмысын бастауы тиіс.

Арматуралық цехты пайдалану кезінде 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, өңір тұрғындары үшін әлеуметтік жүктемені біршама төмендетеді.

Жоба құны 1,8 млрд. теңге. Жылына 200 мың тонна өнім шығару көзделген. Зауыт өнімі негізінен ішкі құрылыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазір елімізде тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп жатқандықтан, зауыт өнімі жоғары сұранысқа ие болуы тиіс. Сондай-ақ, өңірде бизнес нысандар, жеке тұрғын үй құрылысы, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік нысандар мен цехтарды жаңғырту және қайта құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жақын арада жобаның бастамашылары тағы бір маңызды жобаны қолға алуды қарастырып отыр. Ол өз кезегінде Жамбыл өңірінде қара металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізеді.