Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Атырау: Мас күйінде көлік жүргізген азаматша ұсталды

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күшейтілген карантинді елемейтіндердің бірі көлік руліне  мас күйінде отырып, тәртіп сақшыларының  назарына ілінді.

Атырау: Мас күйінде көлік жүргізген азаматша ұсталды

Алкогольдік ішімдікті ішкенімен қоймай, 28 жастағы жүргізуші 28 сәуірде «Opel-Astra» көлігімен  қаланы аралауға шығыпты. Алайда, қала көшелерінде  қалағанынша қыдыра алмады. Себебі, полиция қызметкерлері оны түнгі сағат 02:15 шамасында Сәтбаев-Владимирский  көшелерінің қиылысында тоқтатты.

«Тексеру кезінде  1992 жылы туған азаматшаның алкогольдік ішімдік ішкені байқалып, медициналық сараптама тағайындалды. Дәрігер-наркологтың қорытындысымен жүргізушінің  орта дәрежелі мас екені анықталды. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен және 476-баппен  хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Атырау қаласында бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 50-ге жуық адам ұсталды.