Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қостанайлық полицейлер «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин жағдайында қаһармандық көрсеткен тәртіп сақшыларын онлайн режімде өткен жиында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев марапаттады.

Қостанайлық полицейлер «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Жанболат Жаутин мен Амантай Байжанов таяуда 5 жасар нәрсете мен 14 ересек адамды өрттен аман алып шыққан болатын.

22 сәуірде түнгі күзетте жүрген Жанболат Жаутин мен Амантай Байжанов Алтынсарин көшесіндегі екі қабатты үйден шыққан өртті байқап қалып, бірден көмекке жүгіреді.

-Біз сол сәтте өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметін шақырдық. Мұндайда әр секунд қымбат. Екі қабатты үйдің мансардында да адам бар екен, - дейді Жанболат Жаутин. Үйдің айналасындағы қоршауы биік, қақпасы жабық болған. Полицейлер қоршаудан секіріп түсіп, құлыптаулы үйдің есігін бұзып ішке енеді. Бұл кезде мансард түгелдей қызыл жалынға оранып, үйдің ішін қою түтін баса бастаған. Полицейлер жанталасып жүріп, үйдегілерді ұйқыдан оята бастайды. Ояна алмағандарын сыртқа көтеріп шығарған.

-Тұрғындардың бірі қалмай сыртқа шығарылғанына көзіміз жеткенше үйге қайта-қайта кіріп, бөлмелерді бірнеше рет тексеріп шықтық, - дейді Амантай Байжанов.

 

Қостанай облысы