Төтенше жағдайда тұрғындар сұранысын оңтайландыру мақсатында Меңдіқара ауданында тағы бір «Көмек алаңы» орталығы ашылды. Мұнда тұрғындар қажет қызметті түрлерін «бір терезе» арқылы ала алады. Фронт-кеңсенің ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. «Көмек алаңы» заманауи байланыс және коммуникация құралдарымен қамтылған. Сондай-ақ азаматтарды «опен спейс» форматында қабылдайтын арнайы бөлме бар.
Аймақ басшысының айтуынша, мұндай фронт-кеңселер бүгінге дейін Қостанай, Рудный, Тобыл қалалары мен Бейімбет Майлин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Наурызым аудандарында ашылған. «Көмек алаңдары» қазір тиімді әрі сапалы, жедел жұмыс атқаруда. «Көмек алаңы» орталықтары жыл аяғына дейін облыстың барлық аудандарында ашылмақ.
Қостанай облысы