Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қордайлық ардагерлерге құрмет көрсетілуде

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Ұлы мереке қарсаңында Қордай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар тыл ардагерлеріне де лайықты құрмет көрсетілуде.

Қордайлық ардагерлерге құрмет көрсетілуде

Бейбіт күннің жақындауына тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор. Сондықтан да жыл сайын оларға жергілікті әкімдікпен қатар әр саладағы ұжымдар да құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстайды.

Осындай игі дәстүр Қордай ауданында сәуір айында-ақ басталып кетті. Аудан әкімдігінің тарапынан ауданның барлық ауылдарындағы тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп отыр.

Ал, қазіргідей карантин кезеңінде аудандағы ерікті жастар осындағы жалғызбасты қарттардың үйіне барып, үй шаруаларына көмектесуді дәстүрге айналдырған. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, бүгінгі таңда аудан бойынша 528 тыл ардагерлері бар. Бүгін аудандағы 100-ден астам ардагерге қажетті азық-түлік себеттері табысталды. Сонымен қатар, ардагерлерге Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулеттің құттықтауы жеткізілді. Бұл игі бұдан былай да шара жалғасын тауып, аудандағы барлық тыл еңбеккерлері назардан тыс қалмайды.

 

Жамбыл облысы