Қалалық №2-ші өрт сөндіру бөлімінің 3 өртсөндіргіш машиналары дабылдарын безілдетіп жұрттың назарын өзіне аударды.
Абырой болғанда өртсөндірушілердің жедел қимылдарының нәтижесінде тілсіз жау жылдам құрықталды. Тоғыз өртсөндіруші аз уақытта 36 тұрғынды өрттен эвакуациялап үлгерді. Өрт 3-ші қабаттағы бір үйдің балконынан шыққан екен. Өртсөндірушілер оған баспалдақпен сырттан кіріп, отты жылдам өшірді. От пәтерді шарпығанымен ішке жайылып үлгермеді. Сонымен бірге көрші пәтерлерге де зардабын тигізген жоқ. Тек үйдің кіреберісіне түтін толып кеткен.
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Бұл жыл басынан бергі облыстағы 181-ші өрт. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл 17 пайызға аз болғанымен тигізген залалдары кем емес. Он алты адам өрттің салдарынан мерт болды, соның ішінде екеуі бала. Келтірілген материалдық шығын 28 млн теңгеден асып отыр. Сондықтан ТЖ департаменті тұрғындарға өрттен сақ болу қажеттігін үнемі ескертіп отырады.
Кеше Петропавлдың орталық көшелерінің бірі – К.Сүтішев, 51 үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, қаланың қақ ортасын қатты дүрліктірді.
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Кеше
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше