Қоғам • 30 Сәуір, 2020

330 мың отбасына көмек көрсетілді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры 330 мың мұқтаж отбасына 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударды. Бірер күнде тағы да 30 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады. Бұл туралы қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

330 мың отбасына көмек көрсетілді

Сонымен бірге ол Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Bir­gemiz» қорынан Ұлы Отан соғы­сының 40 мың қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ тыл еңбек­керлері 50 мың теңгеден төлем­ақы алғанын, 800-ден астам ардагер мен 8 мың тыл еңбек­керіне азық-түлік се­беттері мен жеке қорғаныс құ­рал­дары жеткі­зілгенін, ардагерлерге қол­дау көрсету жұ­мыстары әрі қа­рай да жалға­сатынын атап өтті.

Көмек алушылардың тізім­дері Еңбек және халық­ты әлеу­меттік қорғау министр­лігі­нің ұсы­нымы негізінде бел­гіленген 7 категория бойынша әкімдер тарапынан берілген болатын.

Олардың ішінде аз қам­тыл­ған және көп балалы отбасылар, мұқ­таж мүгедек жандар, мүм­кін­дігі шектеулі бала тәр­биелеп отыр­ған отбасылар, ең тө­менгі зей­нетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіре­тін зей­неткерлер, жетім бала­лар, ҰОС ардагерлері мен олар­ға теңес­тірілген тыл еңбек­кер­лері бар.

«Қордан берілетін көмектің екінші толқыны аясында 10,5 млрд теңге көлемінде қаражат бө­лінді. Қор ресурстары шектеулі, сол себепті қолдау шынында кө­мекке мұқтаж, материалдық жағ­дайы төмен азаматтарға ғана көрсетілетін болады», деді қор төрағасы Руслан Сакеев.