Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Қолдауды сезінудеміз

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетілуде. Аты жаман індеттің кезінде берілген бұл көмек өзіміз сынды аз қамтылған немесе әртүлі жағдайы бар отбасылар үшін шын мәнінде үлкен қолдау.

Қолдауды сезінудеміз

Жасым 67-де, жүрек, қан қысымы және қант диабеті ауруларымен ауырамын. Өзім де, 70 жастағы отағасым да екінші топтағы мүгедектерміз, жол­дасымның басына ота жасалған. От­басында бес бала тәрбиелеп өсір­ген анамын, бірақ кенже қызым Әлия туабітті мүгедек. Ол биыл 33 жасқа толды. Қолымда немерем де бар, Nur Otan партиясының араласуымен оны балабақшаға орналастырдым.

Жуырда үйге бірінші кезектегі азық-түлік пен медициналық маскалар, антисептикалық құралдар әкеліп берді. Жақында жеке есепшотымызға 50 мың теңге қаржылай көмек түсті. Әлемде болып жатқан жаман індет елімізге келгені қынжылтады. Республика көлемінде карантин жарияланды. Қиындық – өтпелі, осы қиын кезде бір-бірімізге қолдау көр­сет­сек қана бұл жаман індеттен тез құтылатынымызға сенемін.

Қиын кезде халқына көмек қолын созған, қашанда қасымыздан та­былған нұротандықтарға, жомарт жандарға үлкен рахмет. Халық үшін еңбек етіп жатқан жандарға Алла разы болсын. Бауыржан атамыз «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дегендей, халыққа ережелерді сақтап отбасымыздың, ел-жұрттың амандығы үшін үйде отырайық дегім келеді. Қолымыздан келері және біздің елімізге көмегіміз сол болмақ.

 

Нұрсұлу ИДЕНОВА,

ІІ топтағы мүгедек

 

АҚТАУ