Спорт • 30 Сәуір, 2020

Ең үздік жас футболшылар көшін Килиан Мбаппе бастап тұр

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі ESPN арнасы әлі 21 жасқа толмаған әлемдегі ең үздік футболшыларының тізімін жасады. Бұл көшті - Килиан Мбаппе бастап тұр.

Ең үздік жас футболшылар көшін Килиан Мбаппе бастап тұр

Килиан 1998 жылдың 20 желтоқсанында Париж қаласында дүниеге келді. Төменгі дивизондарда өнер көрсетіп жүрген дарынды жасты алғашқы болып байқаған «Монако» клубының скауттары еді. Айтулы команданың сапына ол 17 жасында Франция чемпионы атанды. 2017 жылы оған ПСЖ-ның көзі түсті. Бұл күндері Мбаппе сол клубтың сапында жасындай жарқырап жүр. Қазіргі кезде ол әлемдегі ең құнды футболшылар көшін бастап тұр. Сонымен қатар, Францияның ұлттық құрамасы сапында Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, «ТОП-10» жас футблшылардың қатарында Джейдон Санчо («Боруссия», 20 жаста), Трент Александер-Арнолд («Ливерпуль», 21 жаста), Винисус Жуниор («Реал», 19 жаста), Кай Хавертц («Байер», 19 жаста), Маттейс де Лигт («Ювентус», 20 жаста), Джанлуиджи Доннарумма («Милан», 21 жаста), Эрлинг Холанд («Боруссия», 19 жаста), Федерико Вальварде («Реал», 21 жаста) және Жоау Феликс («Атлетико», 20 жаста) сынды сайыпқырандар бар.