Спорт • 30 Сәуір, 2020

Фируза Шарипова 4 шілдеде шаршы алаңға шығады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыған дейін 19 маусымда Ресейдің Қазан қаласында өтеді деп жоспарланған қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова мен ресейлік София Очигаваның жекпе-жегі 4 шілдеге шегерілді.

Фируза Шарипова 4 шілдеде шаршы алаңға шығады

32 жастағы Ресей спортшысының 2012 жылы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлемнің екі және Еуропаның үш дүркін чемпионы атанғанына жанкүйерлер жақсы біледі. Кәсіпқойлар арасында өзінің тұсаукесер кездесуін Софья Очигава 2016 жылдың 21 мамырында Фируза Шарипова қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен еді. Арада үш ай өтпей жатып, ресейлік Елена Медведенкодан басым түсті. Бірақ содан кейін төрт жылға жуық уақыт үлкен спорттан қол үзіп кетті. Биыл Очигава өз жаттығуын қайта бастады.

25 жастағы Фируза Шарипова 2016 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасуда. Сол аралықта 11 рет шаршы алаңға шығып, 10 рет жеңске жетті. Бес бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады.