Осылардың басында бірінші болып Шыңғыс хан тұр. Көзі тірісінде ол 25 млн шаршы шақырым территорияны тыпыр еткізбей бағындырып, бар билік пен байлықты өз қолына алған. Сол тұста қағанның меншігіндегі дүние 728,1 млрд долларды құраған екен
Шыңғыс хан өлген соң балалары мен немерелері 21 млн шаршы шақырым өлкені ат тұяғымен таптап, барлығы 25+21 = 46 млн шаршы шақырым жер қағанның ұрпағына мұра боп қалған.
Ұлы қағаннан кейін екінші орында – 1914 жылы әлемдегі барлық мұнай өндіретін компанияларды біріктіріп, бір қолға шоғырландырған тұңғыш миллиардер Рокфеллер тұр. Оның байлығы – 318 млрд доллор шамасында. Қазіргі көзі тірі майкрософтың негізін қалаған американдық миллиардер Гейтс 21-ші орында жүр.