Өскемен қаласына 293 жыл толды. Бұл күнді өскемендіктер есте қаларлықтай атап өтті. «Қалалықтарға күлкі сыйла» шарасы, футболдан «Алтын күз» ашық турнирі ұйымдастырылды. Этноауылдағы жаңа кешеннің, «Рахат» және «Азамат» бала бақшаларының, үш жұлдызды «Айналайын» қонақ үйінің, қаланың өркендеуіне ерекше үлес қосқан А.Протазанов пен Ахат Күленовтің ескерткіштерінің ашылуына да халық көп жиналды.

Мерекенің екінші күні Республика алаңында «Күз сыйы» жәрмеңкесі өтті. Қалалықтарға Жарма ауданының ауыл шаруашылығы қызметкерлері 12 тонна ет, ондаған тонна көкөніс, құрт, ірімшік, басқа да азық-түлік тауарларын әкеліп, арзан бағамен саудалады. Жарма ауданының халық аспаптар оркестрінің орындауында көңіл көтеретін күйлер шалқып, ән қалықтады. Облыс әкімі Б.Сапарбаев қалалықтарды мерекесімен құттықтап, олардың еңбегіне сәттілік тіледі. Өскемен қаласының әкімі Т.Қасымжанов сол күні атшабарда болып, көкпар, аударыспақ ойындарында жеңімпаз атанғандарға құрмет көрсетті. 19-шы шағын ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлердің пәтер кілтін өңір басшысы салтанатты жағдайда тапсырды.
Кешкілік Ертіс өзені көпірінің жанындағы амфитеатрда салтанаты келіскен ерекше мәдени шара басталды. Концертке атақты әншілер – Бибігүл Төлегенова, Майра Ілиясова, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Алишер Каримов, дәулескер күйші Секен Тұрысбек, Вячеслав Ткач, Ғибрат Азубаев, Ресейдің көрші Барнауылынан келген өнер жұлдыздары қатысты.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.