Спорт • 30 Сәуір, 2020

Англияның ең қымбат футбол командалары

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англия Премьер-лигасындағы ең қымбат футбол командасы «Тоттенхэм Хотспур» клубы екен.  Ливерпуль университетінің менеджменті өздері жүргізген зерттеу жұмыстарынан кейін осындай қорытындыға келді.

Англияның ең қымбат футбол командалары

«Тоттенхэм Хотспурдың» іргетасы 1882 жылы қаланған. Олар Англия Премьер-лигасында екі рет (1950/51, 1960/61) топ жарып, бес рет (1921/22, 1951/52, 1956/57, 1962/63, 2016/17) күміс медальді иеледі. Англия кубогын сегіз рет және Англия жеті рет иеленді. 1963 жылы Кубок иегерлерінің кубогын және 1972, 1984 жылдары УЕФА кубогын олжалады. 2019 жылы Чемпиондар лигасының финалында өнер көрсетті.

Көш басындағы «Тоттенхэм Хотспурдың» қазіргі кездегі құны 2,6 миллиард фунтты құрап отыр. Бұл тізімінде екінші және үшінші орындарды  «Манчестер Сити» (2,2 миллиард) мен «Манчестер Юнайтед» (2,1 миллиард) командалары еншілеуде.