Әлем • 30 Сәуір, 2020

Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп келеді.

Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

Адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде кейбір шіркеулер мен монастырьлар әлі жабылмаған. Пасхада көптеген адамдар вирустың иконаны сүю арқылы берілетініне сенбей, ғибадатханаға барған.

Соңғы мәліметтер бойынша Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 мың адамнан асты. Айта кету керек, бұл елде карантин режимі енгізілген жоқ.