Спорт • 30 Сәуір, 2020

Футболдан Қазақстан чемпионаты «күз-көктем» жүйесіне ауысуы мүмкін

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері қатысқан ортақ жиында Азамат Айтқожин мәлімдеді.

Футболдан Қазақстан чемпионаты «күз-көктем» жүйесіне ауысуы мүмкін

Футбол үйінде өткен кездесуде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жетекшіcі Олжас Абраев, сонымен қатар департамент директорлары қатысты.

«ҚФФ мен ҚКФЛ OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының жалғастырудың екі нұсқасын қарастыруда. Ең негізгісі екі айналымнан тұратын жарыс. Тағы бір нұсқа – биылғы маусымда «күз-көктем» жүйесіне ауыстыру туралы ұсыныс. Ел Кубогы, сонымен қатар Бірінші және Екінші лиганың ойындарын өткізу жөнінде де әртүрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Карантин аяқталғаннан кейін ішкі турнирлердің қатысушыларына жарысты жалғастыру жөнінде хабарлама жіберіледі. Командалар мен төрешілер екі апта оқу-жаттығу жиынын жүргізу мүмкіндігін алады», дейді КФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин.