Коронавирус • 30 Сәуір, 2020

COVID-19: Жітіқара қаласында 4 науқас анықталды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік жедел ақпарат штабының xабарлауынша, 1962, 1975 және 1990 жылғы үш әйелдің және 11 жастағы оқушы қыздың індет жұқтырғаны расталды.

COVID-19: Жітіқара қаласында 4 науқас анықталды

Төртеуі де 14 сәуірден бері карантиндік стационарда жатқан және бұған дейін ауырған науқастармен байланыста болған.

Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сай жүргізіледі. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Соңғы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясы 49 адамнан анықталды, олардың ішінде 3 адам сауығып шықты.