Спорт • 30 Сәуір, 2020

«Барысты» финн маманы баптауы мүмкін

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біраз уақыттан бері бас бапкерсіз қалған Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубынның тізгінін танымал финляндиялық маман Кари Ялонен ұстауы мүмкін.

«Барысты» финн маманы баптауы мүмкін

60 жастағы айтулы бапкер 1978-1996 жылдар аралығында Финлияндия, Канада, АҚШ, Швеция және Францияның бірқатар командаларында өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы, жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері, ересектер арасында Финлияндия мен Франция чемпионы деген атақтары бар.

1998 жылы бапкерлік кәсібін бастаған Кари Ялонен «Кярпятпен» бірге өз елінің төрт дүркін чемпитоны атанса, ХИФК-пен бір мәрте сол атаққа қол жеткізді. 2014 жылы Чехияның «Лев» клубын Гагарин кубогының финалына шығарды. 2016 жылы айтулы маман баптаған Финлияндия құрамасы әлем чемпионатында күміс медальді иеленді. 

Ялоненнің соңғы жұмыс орны – Швейцарияның «Берн» клубы. Сол команданы ол 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді.