Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Қарағанды-Балқаш тас жолы – туризмнің күретамыры

25 реткөрсетілді

Қарағанды облысының аумағында жұмысы екпінді жүргізіліп жатқан құрылыстың бірі – Қарағанды-Балқаш күре жолы. Бұл жолдың Балқаш көлі жағасында туризмді дамытуға қосар үлесі зор болады дегенді айтады мамандар. Қазіргі уақытта аталған учаскедегі жұмыстарға 1800 адам мен 900-ге жуық техника күші жұмылдырылған.

Әрине, жол құрылысына карантиннің де кері әсері болды. Жұмыс сәл кешеуілдеп, кестеден қалыңқырап барып басталды. Дегенмен, жобаны іске асырып жатқан мердігер компанияның өкілі құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына таман бітеді деп уәде беріп отыр. Жол биыл пайдалануға берілгенмен, оның абаттандыру жұмыстары келер жылдың үлесіне қалыпты...

Сонымен қатар, биыл Қарағандыны айналып өтетін Солтүстік-Шығыс тас жолының құрылыс жұмыстары да қайта жандана түскен. Ұзындығы 48 шақырымнан асатын жаңа төрт жолақты жолдың құрылысы былтыр басталған болатын. Құрылысшылар биылдың өзінде жол бойындағы бес көпір өткелін салды. Ендігі қалған жұмыс оңайырақ: қазір мердігер компания жол белгілерін салу, қоршаулар жасау және жарық шамдарын орнатумен айналысуда. Жол құрылысы әлі толық бітпесе де, қазіргі уақытта бұл трассаның бойында көліктер жүре бастаған.

Бұл жобамен айналысып жатқан мердігер компания – «Сине Мидас Строй» ЖШС-нің өкілі Али Четкин жұмыстың 93%-ға біткенін айтады. Тек, жол бойын абаттандыру ғана қалған. Ол жұмыстар алдағы екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде толық аяқталып, өңір экономикасы үшін маңызы зор жол маусым айында пайдалануға беріледі екен.

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жол-құрылыс жұмыстарымен 800 шақырым жол қамтылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Елдік нышандар тарихы

Қазақстан • Бүгін, 18:14

Атырау: Үй қамаққа қамалған қыз

Аймақтар • Бүгін, 18:00

Биыл ауылға табиғи газ жетеді

Аймақтар • Бүгін, 14:29

Ұқсас жаңалықтар