19 Қыркүйек, 2013

Қаржыны қалтасына басқан

355 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Соңғы 8 айдың ішінде «Нұр Отан» партиясына мүше 201 адам жемқорлық үшін айыпталды. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 4 есеге артық. Себебі, өткен жылдың 8 айының ішінде дәл осындай айыппен 49 партия мүшесі ұсталған болатын. Осы орайда, жемқорлардың 60 пайызын мемлекеттік және бюджеттік ұйым басшыларының құрап отырғандығын айту қажет. Бұл – бір реттік акция емес. Партия қатарындағы жемқорларды анықтау жұмысы жүйелі әрі кешенді түрде жүргізілетін болады».

Астанада өткен «НұрОтан» партиясының Саяси кеңес бюросы мен Партиялық бақылау комитетінің бірлескен отырысында Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков осылай деді.

Жиында сондай-ақ, Пар­ламент Мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова мен Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған Саят Шаяхметовті «Нұр Отан» партиясы мүшелігінен шығару мәселесі де қаралды.

«Нұр Отанның» Партиялық бақылау комитетінің Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Рахметуллиннің айтуынша, 2008 жылдың 12 қарашасында «Нұр Отан» ХДП ҚБ №18 «Уақытша қаржылай көмек көрсету» келісімі негізінде Бақыт Сыздықова жетекшілік еткен «Қазақстанның болашағы үшін» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне жедел түрде қайтарылатын шартпен 7 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліпті.

Бұл келісімшартқа сәйкес, қаржы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қайтарылуы тиіс екен. Тиі­сінше, қаржы уақытында қай­тарыл­маған әр күнге төленетін айып­пұл көлемі 0,1 пайызды құраған. Алайда, Бақыт Сыз­ды­қова осы уақытқа дейін айтылып келген көп ескертуге қара­мастан, қарызды уақтылы тө­леу міндеттерін орындамай, жал­та­рып келгендіктен, бүгінде қа­рыз­дың сомасы айыппұлмен қоса есептегенде, 15 млн.-ға же­тіп­ті. «Бұл мәселе партияның Ор­талық қадағалау комиссиясы өткізген осы жылғы аудит тексе­рі­сінен кейін көтеріліп отыр. Сол се­беп­ті, Бақыт Сыздықованы партия мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды», деді Пар­тиялық бақылау комитетінің өкілдері.

Олардың айтуынша, Бақыт Сыздықованың 1999 жылдан бері партияның белсенді мүшесі екендігі ескеріле отырып, қарыз ақысы (7 млн. теңге) жедел түрде қайтарылған жағдайда, партия айыппұлды кешіру мәселесін қарастыруы мүмкін екен.

Жиын кезінде Білім және ғылым вице-министрі болған, партияның 1999 жылдан бергі мүшесі Саят Шаяхметовтің де мәселесі қаралды. Партиялық бақылау комитеті өкілдерінің айтуына қарағанда, 2013 жылғы 29 сәуірде еліміздің Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өскемен қаласында 700 адамға арналған оқу орнын салу кезінде 1,5 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаржыны иемдену мен жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Кейін, яғни 17 мамырдан бастап сот шешімімен іске қатысы бар және қаржыны қалтасына басты деген айыппен Саят Шаяхметов үй қамауына алынған. «Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы шешім сотта қабылданады. Ал партия беделін түсіргені үшін Саят Шаяхметовті «Нұр Отан» қатарынан шығару туралы шешім қабылданды», деді партия өкілдері.

Отырыс соңында Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков партия ішіндегі тәртіптің сақталуы партия органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі екендігін атап көрсетті.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар