Төртінші кезеңде велоспортшылар биыл өтуі керек болған «Джиро д'Италия-2020» бәсекесінің 17-кезеңіндегі 25,9 шақырым қашықтықты компьютерге қосылған велостанокпен жүріп өтті. Бұл айналымда «Bahrain – McLaren» велоспортшылары жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Астана» өкілдері иеленсе, үздік үштікті «Jumbo-Visma» командасы түйіндеді.
Жалпы есепте қазақстандық команда көш бастап келеді. Екінші орында «Астанадан» 18,33 уақыт көрсеткішімен қалып келе жатқан «Bahrain – McLaren» болса, үшін орында Италия құрамасынан жиналған велоспортшылар келеді. Олар жерлестерімізден 20,33 минут артта келеді. Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңінде Алексей Луценко жеңімпаз атанған болатын.