Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Кәсіпкер ауылдық ауруханаға анастезиологиялық кешен тарту етті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарасулық кәсіпкер Максим Артемук Октябрь ауылындағы ауруханаға құны 22 483 мың теңге тұратын анестезиологиялық кешенді сыйға тартты.  Ауыл медицинасын дамытуға аса қажет кешеннің төсек алдына қойылатын мониторы мен жасанды жолмен демалдыратын арнайы құрылғысы бар.

Қостанай облысы: Кәсіпкер ауылдық ауруханаға анастезиологиялық кешен тарту етті

Октябрь ауруханасы облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта жатыр. Сондықтан ауыр науқастарды дер кезінде облыстық  ауруханаға жеткізу қиынға соғып келген. Кәсіпкер сыйға тартқан аса қымбат медициналық құрылғы енді мұндай науқастарды алысқа апармай-ақ, оларға ауылдық ауруханада ота жасай беруге мүмкіндік туғызып отыр дейді жергілікті дәрігерлер.  

 

Қостанай облысы