Қазақстан • 30 Сәуір, 2020

Коронавирус тестін тапсыру қанша тұрады?

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коронавирус инфекциясы бойынша ПТР тесттен өту ақысы туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Коронавирус тестін тапсыру қанша тұрады?

«Ақылы тесттер бар. Оны әуе қатынасын пайдаланатын азаматтар міндетті түрде тапсырады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бірнеше зертхана бар. Олар бағаны өздері белгілейді. Құны 11 000 мен 20 000 теңгенің арасында», - деді Сәуле Қисықова.

Басқарма басшысының айтуынша, індетті жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандардың бәрі тегін өтеді. Одан бөлек алдын алу жұмыстары бойынша ПТР тесттерден медициналық қызметкерлер, блок-постта қызметте тұрғандар, мемлекеттік-әлеуметтік ұйымдардағы азаматтар тегін тексеріледі. Сондай-ақ ЖРВИ инфекциясын жұқтырған азаматтар да тегін түрде  тесттен өтеді.