Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан: Медицина қызметкерлерінің үстемақысы 10 мамырға дейін төленеді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Нұр-Сұлтан: Медицина қызметкерлерінің үстемақысы 10 мамырға дейін төленеді

«Үстемақы жұмыс істеген күндер мен қауіп сатысына қарай берілетінін білесіздер. 10 сәуірге дейін наурыз айы бойынша 1893 медициналық қызметкерге үстемақы төленді. Ол үшін 643 млн теңге бөлінді», - деді Сәуле Қисықова.

Еске сала кетейік, Президент жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында эпидемияға қарсы шараларға қатысқан медициналық қызметкерлердің жалақысына ай сайын үстемақы тағайындау туралы шешімді бекітті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында эпидемияға қарсы шараларға қатысып жатқан медицина қызметкерлеріне қаржы бөлумен айналысатын арнайы комиссия құрылды.