Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бірлік күнімен құттықтады

10 реткөрсетілді

Елорданың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері қазақстандықтарды бірлік күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігінің бірегей моделін қалыптастыруда айрықша маңызға ие. Осы бірегей институттың арқасында біз этносаралық сенім мен достықты нығайта алдық.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ел ішіндегі тұрақтылыққа айрықша мән беруде. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы келісім мен бірлік, даналық пен өзара түсіністік біздің алға жылжуымызға ықпал ететінін атап өтті.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы қызметі үшін Тұңғыш Президент пен Мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіреді.

«Мен барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтағым келеді. Әр отбасына бақыт, жақсылық, татулық пен мемлекетімізге тұрақтылық тілеймін! Сондай-ақ Елбасымызға бірегей институт – Қазақстан халқы ассамблеясы үшін алғыс айтқым келеді. Соның арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз», – дейді ҚХА төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш орталығының мүшесі Юсуп Келигов.

«ҚХА – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының төл баласы. Тәуелсіздіктің 25 жылы оңай болған жоқ. Бірақ олар тәуелсіз Қазақстандағы тұрақтылықтың, ұлтаралық келісім мен татулықтың негізіне айналды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы кәріс этномәдени орталығының төрағасы Атам Хон.

Өз кезегінде «Лад» республикалық славян қозғалысының елордалық филиалы төрағасы Николай Шепелюк 1 мамыр өз серіктестері үшін ерекше күн екенін тілге тиек етті.

«Бұл күні біз әрқашан бас қосып, бір-бірімізге көмектесеміз. Елбасыға 25 жыл бойы бізге көрсеткен қамқорлық үшін шын жүректен ризамыз. ҚХА-ны әрқашан дұрыс бағытта бастап, лайықты жетекшілік етіп келеді. Елбасының ашық әрі шынайы ұстанымының арқасында Қазақстан дамып, гүлденуде», – дейді Н.Шепелюк.  

«Біз Елбасыға, Президентке ұзақ ғұмыр тілейміз. Болашақта бейбітшілік пен келісім ұйытқысы болу үшін біз әрқашан қол ұшын созуға дайынбыз», – деп түйіндейді Қазақстандағы Әзербайжан мәдени орталықтары одағы басшысының орынбасары Орхан Алиев.

Соңғы жаңалықтар

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

Технология • Бүгін, 15:22

Ақмолада 3 адам суға кетті

Аймақтар • Бүгін, 13:42

Күлкі (триптих)

Әдебиет • Бүгін, 10:30

Ұқсас жаңалықтар