Медициналық зерттеу құжаттарына сәйкес, кейуана 2020 жылдың наурыз айынан бері аса қауіпті жоғары қан қысымы бар науқас ретінде Арқалық қалалық емханасында есепте тұрған. Соңғы екі ай ішінде осы диагноз бойынша үйіне бірнеше рет медициналық жедел жәрдем шақыртқан. Бұл медициналық шақырту кітабына тіркелген жазбалар арқылы дәлелденіп отыр.
Жас ерекшелігін және созылмалы ауруының бар болғанын ескере отырып, комиссия науқастың өліміне жүрек-қан қызметінің жеткіліксіздігі себеп болған деген қорытынды шығарды. Ал коронавирус індетіне алынған талдау қорытындысының оң нәтиже көрсетуі қосалқы диагноз болып табылады.