Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 119-ға жетті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 30 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 жаңа жағдайы тіркеліп, қазіргі кезде қауіпті індетпен ауырғандар саны 119-ға жетті.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 119-ға жетті

Бүгін анықталған бірінші науқас – Тараз қаласының тұрғыны. Ол бір күн бұрын дене қызуының жоғарылауына және тамағының ауыруына қатысты шағымданған. Тараздық тұрғыннан алынған зертханалық зерттеулер оның коронавирус індетін жұқтырғанын растады. Онымен жақын байланыста болған 18 азамат анықталып, карантинге оқшауланды. Оларды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Екінші науқас – 1987 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны болып шықты. Ол осы уақытқа дейін індет жұқтырған тұлғамен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Талдау нәтижелері белгілі болғаннан кейін науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Сондай-ақ, инфекция Атырау облысының Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейтін Жамбыл ауданының тұрғынынан да анықталды. Бұл үшінші науқас 1988 жылы туған. Белгіленген алгоритмге сәйкес, ол өңірге келгеннен кейін карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оған COVID-2019 диагнозы қойылған.

 

Жамбыл облысы