Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Жітіқарада саяжай өртенді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 17.01-де облыстық төтенше жағдай департаментіне Жітіқара қаласының шетіндегі «Мичуринец»   саяжайы өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Кейін өрттің тұтанған қурайдан шыққаны белгілі болады. Қызыл жалын иесіз тұрған 7 үйді және жұрт тастап кеткен 15 саяжай телімін шарпыған.  

Жітіқарада саяжай өртенді

- Өртті бірден сөндіруге жылдамдығы 23 м/с болатын күшті жел көп кедергі болды. Соған қарамастан тілсіз жау сағат 18.37-де толық ауыздықталды. Зиян шеккендер жоқ, - деп хабарлады  ТЖД-ның баспасөз қызметі.    

Ресми мәлімет бойынша, 1 жарым гектардай аумақты шарпыған қызыл жалынды тоқтатуға 6 өрт сөндіргіш және  өртке қарсы 3 арнайы техника, сондай-ақ он шақыт өрт сөндіруші  жұмылған.