Кино • 30 Сәуір, 2020

«Сыншылар таңдауы-2020» киножүлдесіне үміткерлер тізімі жарияланды

70 реткөрсетілді

Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2020» жүлдесіне үміткер фильмдер тізімі жарияланды.

Жүзден жүйрік шыққан үздік туындылар  мамыр айының 6-шы жұлдызында анықталатын болады.  Өкінішке қарай, COVID-19 эпидемиясының орын алу жағдайына байланысты, жүлдегелерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі  өткізілмейді. Марапаттау мүсіндері жүлдегерлерге арнайы жеткізіліп, табысталады.

Сонымен, «Сыншылар таңдауы-2020» жүлдесінің номинанттары төменде көрсетілген арнайы аталымдар бойынша іріктеліп, таңдалады:

 

Драмалық үздік фильм:

«Тұлғалық өсу тренингі», продюсерлер Е. Ахметов, Ю. Ким

«Қап-қара адам», продюсерлер А. Сатаев, Э. Курмашев, С. Абишев, О. Хлащева

«Мариям», продюсер А. Качко

«Қазбат», продюсер Д. Ибрагимов

 

Жанрлық үздік фильм:

«Кореедағы қазақи бизнес», продюсер Н. Коянбаев

«OFF-LINE демалыс», продюсер Э.Курмашев, С. Абишев

«Айналар», продюсер Т. Канафин

«Әкім», продюсер Н. Адамбай

 

Үздік режиссер:

Әділхан Ержанов («Қап-қара адам»)

Фархат Шәріпов («Тұлғалық өсу тренингі»)

Шәрипа Оразбаева («Мариям»)

Асқар Узабаев («Қазбат»)

 

Үздік сценарий:

Әділхан Ержанов («Қап-қара адам»)

Фархат Шәріпов («Тұлғалық өсу тренингі»)

Шәрипа Оразбаева («Мариям»)

Елжас Рақым («Еркін» / «Свободный»)

 

Үздік қоюшы-оператор:

Ескендір Нарымбетов («Олма Джон»)

Айдар Шәріпов («Қап-қара адам»)

Максим Задарновский («Қазбат»)

Александр Плотников («Тұлғалық өсу тренингі»)

 

Үздік қоюшы- суретші:

Ермек Өтегенов («Қап-қара адам»)

Өмірзак Шманов («Жаксылык»)

Куат Тілеубаев («Томирис»)

Александра Аронова («Олма Джон»)

 

Үздік ер адам бейнесі:

Данияр Алшынов («Қап-қара адам»)

Дулыға Акмолда («Тұлғалық өсу тренингі»)

Даурен Серғазин («Қазбат»)

Асқар Ильясов («Тағдыр бекеті»)

 

Үздік әйел бейнесі:

Меруерт Саббусинова («Мариям»)

Әлмира Тұрсын («Томирис»)

Динара Бақтыбаева («Қап-қара адам»)

Динара Шәріпова («Қыз бен теңіз»)

 

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі:

Ержан Түсіпов («Тұлғалық өсу тренингі»)

Мантас Валантеус («Еркін» / «Свободный»)

Теоман Хос («Қап-қара адам»)

Серікболсын Қайыржанов («Айналар»)

 

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі:

Айжан Лайджи («Томирис»)

Гүлназ Жоланова («Әкім»)

Дильназ Нұрсейіт («Композитор»)

Индира Шынболатқызы («Қазбат»)

 

Үздік композитор:

Ғалымжан Молданазар («Қап-қара адам»)

Илья Одегов\ Эмиль Досов («Тұлғалық өсу тренингі»)

Әлім Заиров\Ренат Ғайсин («Томирис»)

Ғалымжан Секеев («Балуан Шолақ»)

 

Үздік ән:

Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі – «Жүрегіңнен бір орын бер» (OST «ҚАЗБАТ»)

Данэлия Төлешова & AlvinToday – «Каникулы off-line» («Off-line демалыс»)

Мағжан Хамит & Зарина Нұржанова – «Алғашқы махаббат» («Off-line демалыс» – 2)

Қайрат Нұртас – «Жұлдызым» («Айналар»)

 

Сондай-ақ, Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы биыл ұсынған «Үздік дебют» аталымындағы жүлдеге мына фильмдер үміткер бола алады:

 

Шәрипа Оразбаева («Мариям»)

Виктория Якубов («Олма Джон»)

Елжас Рақым («Еркін» / «Свободный»)

Әлішер Утев («Ағасы бардың...» – 2)

 

Естеріңізге сала кетейік, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, «Сыншылар таңдауы» жүлдесін табыстайды. Киносыншылар қауымдастығы биыл жаңа мүшелермен толықты. Олар: Өнертану докторы Молдияр Ергебеков, кинотанушы, киносыншы Дана Әмірбекова және  кинотанушы, Baiqonyr International Short Film Festival кинофестивалінің программалық директоры Ержан Жұмабеков. Сондай-ақ, Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына отандық белгілі кинотанушылар мен кинозерттеуші мамандар мүшелік етеді. Олар: Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының президенті  Гүлнара Әбікеева, Олег Борецкий, Төлеген Байтөкенов, Кәрим Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Назира Мұкышева, Гульажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Инна Смаилова, Ольга Малышева, Мади Мамбетов және Александра Поршнева. Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына қазіргі таңда жалпы 16 кәсіби кино сыншысы мүше.

 

Соңғы жаңалықтар

Қасиетті қала – балалар көзімен

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Елдік таңба – ел мұраты

Руханият • Бүгін, 07:50

Есте қалған ерекше күн

Саясат • Бүгін, 07:47

«Әнұранды қосыла шырқаймыз»

Руханият • Бүгін, 07:42

Тағылымы мол мереке

Пікір • Бүгін, 07:35

Көк Туды көрсеткен сәт

Саясат • Бүгін, 07:34

Қазынасы ұрпаққа мұра

Таным • Бүгін, 07:30

...Бойыма қуат береді

Руханият • Бүгін, 07:09

Бояу қолданбайтын суретші

Қоғам • Бүгін, 07:06

Ауылдағы аяқ киім фабрикасы

Экономика • Бүгін, 07:00

Ел тарықпасын десек...

Экономика • Бүгін, 06:56

Отандық өнім 72 елге экспортталды

Экономика • Бүгін, 06:48

Мақтааралдағы ахуал бақылауда

Аймақтар • Бүгін, 06:42

Симптомсыз сыбайластық

Қоғам • Бүгін, 06:40

Айқын бағыт, тура жол

Пікір • Бүгін, 06:37

Алатау мен Алматы

Руханият • Бүгін, 06:35

Тарих таразысындағы төрт жайт

Руханият • Бүгін, 06:33

Азаттықтың айшықты нышандары

Қазақстан • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар