Қоғам • 01 Мамыр, 2020

Ең қадірлі құндылық

154 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел бірлігі, ел ынтымағы – баға жетпес құндылық. Осынау құндылығымыз барынша дәріптелер 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні биыл елімізде өзара көмек, қайырымдылық қадамдар жасау бағытында аталып өтпек. Оның басты себебі – елдегі төтенше жағдай режімі.

Ең қадірлі құндылық

Бүгінде ізгілік шараларының ұйыт­қы­сы болып жүрген елордалық Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы бар­лық өзге құ­рылымдар секілді онлайн режімде еңбек етіп жатыр. Жұ­мыс­­тың негізгі ба­ғыттарына баса назар аударылған. Онлайн түрде «Жыр орта­лығының» ашылуы жұртшылық тара­пынан үлкен қолдау тапты. Ол апта сайын жаңа бей­нематериалмен толық­тырылып оты­ра­ды. Жыраулар тарихи оқиғалар мен аңызға айналған батырлар туралы әңгі­ме­лей отырып, жыр-термеден шашу ша­шады. Біздің моральдық рухымызды арт­тырады.

Қашанда қайырымдылықтың орны ерекше. Ассамблея – қоғамымыздың біріктіруші күші. ҚХА кез келген жағдайда бірінші болып көмекке келе­ді, әрқашан алдыңғы қатардан көрінеді. Бұған келтіретін мысал көп.

Төтенше жағдай режімі енгізілген ал­ғашқы күннен бастап елордалық Ассам­блеяның белсенділері мен ерік­ті­­лері жұмысқа қосылды. Наурыз айы­ның соңғы онкүндігінде Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассам­­блеясы «Біз біргеміз» атты қайы­рым­дылық акциясын өткізді. 2020 жылдың 20 нау­рызы мен 26 сәуірі аралығында акция аясында қалалық Ассамблея мүшелері аз қамтылған көп балалы отбасыларға және егде жастағы адамдарға көмек көр­сетті. «Парасат» қайырымдылық қыз­метін үйлестіру орталығы көп балалы 15 отбасына көмек көрсеткен болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтардың еңбегін ерекше атап көр­сетуде. Қауіп-қатерге қарамай мұқ­таж жандарға көмек қолын созған ерік­ті­лер­ге де ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының осылайша ризашылық білдіруі барлық еріктілерге ерекше көңіл күй сыйлады. Біздер, волонтерлер бір серпіліп қалдық.

2020 жылдың 16 наурызынан бас­тап осы күнге дейін күндіз-түні мұқ­таж жан­дар­ға көмек жеткізіп келе­міз. Ассам­блея волон­терлері, біздер зейнеткер­лерге дәрі-дәрмек жеткізу, бетперделер тара­ту бойынша акцияларға қа­тысып жа­тыр­мыз. Біз тек қиын қыс­тау кезде ғана емес, қуанышты сәттерде де бірге бо­ла­мыз!

Біз әрқашан елімізге қызмет етуге сақадай саймыз! Елорда волонтерлері әрқашан дайын! Бұл індетті бірге жеңу­ге сөз береміз! #bizbirgemiz.

Сөзімнің соңында Қазақстан хал­қы­ның бірлігі күні баршамызға құтты бол­сын дегім келеді. Бірлік пен ынты­мақ­тың қадірін ұмытпай, алға баса бере­йік, ағайын!

 

Наргизам МАХМУДИ,

Нұр-Сұлтан қаласы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі