
Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ
Атап айтқанда, «77TV» арнасы Жамбыл облысы отан-ошағы болып саналатын жабайы қызғалдақтың гүлдеу кезеңінде эко-туризмге арналған материалдарды түсіру бойынша фотоэкспедицияға ақпараттық қолдау көрсетті.
Бұл фотоэкспедиция облыстық Туризм басқармасының ұйымдастыруымен Жуалы, Қордай, Меркі аудандарында өткізілді.
Мақсаты – Жамбыл облысының табиғи флорасы мен фаунасы туралы жоғары сапалы фотоматериалдар дайындау және біздің аймақтың ерекшелігі саналатын қызғалдақтарды кеңінен насихаттау.
Дәл осы фотоматериалдар болашақта өңірімізге туристерді тарту үшін туристік каталогтар, брошюралар, буклеттер және басқа да жарнамалық материалдарды дайындауға негіз болмақ.
Тарихы терең, табиғаты сұлу киелі Жамбыл жерінің жауқазындарын халықтың назарына ұсыну шарасына Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай» газеттері атсалысты.
Алтынбек ҚАРТАБАЙ